Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстандық журналистер «масс-медиа туралы» жаңа заң жобасына қарсы шықты

exclusive.kz

Қазақстандық журналистер «масс-медиа туралы» жаңа заң жобасына қарсы шықты

Қазақстандық журналистер «масс-медиа туралы» жаңа заң жобасына қарсы шықты. Журналистер бұл заң олардың құқықтарына нұқсан келтіретінін және цензураны одан әрі күшейтетінін айтады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Тұжырымдаманың бастапқы жобасы қазірдің өзінде қызу талқыланып жатыр. Журналистер жобадан талап арыздарды берудің ескіру мерзімін алып тастауға қарсы. Бастапқыда ол бір жыл мерзімге белгіленді, бірақ түзетуден соң заң жобасын кәсіби қоғамдастықпен талқыламай, бұл норма мүлдем алынып тасталған. Жаңа заңға сәйкес, болашақта журналисті 20 жыл бұрынғы жазбасы үшін соттауға болады. БАҚ өкілдері президентке үндеу жасауды жоспарлап отыр. Олар бұл заң жобасының күшін жоюды және демократиялық БАҚ туралы Заңмен жұмыс істеуді сұрайды. Сондай-ақ журналистер бейбіт митинг өткізуге өтініш беру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, Қазақстанда бұдан былай журналистердің құқықтары жаңа жолмен реттелетін болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «масс-медиа туралы» жаңа заң жобасы әзірлеген еді. Фото: primeminister.kz
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024

Другие новости

Больше новостей