Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Ердоған Зеленскиймен кездесу үшін Украинаға келді

exclusive.kz

Ердоған Зеленскиймен кездесу үшін Украинаға келді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға келді. Әлеуметтік желіде Ердоғанның Львов қаласына келген бейнежазбасы тарады. Украинаға сапары барысында Ердоған бір күн бұрын келген Украина президенті Владимир Зеленскиймен және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездеседі. Түрік делегациясының құрамында түрік дипломатиясының басшысы Мевлют Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент Әкімшілігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демир, Әділет және даму партиясының өкілі Омер Челик және басқа да түрік үкіметінің мүшелері бар. Олардың арасында Baykal Makine компаниясының бас директоры Халук Байрактар байқалды. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Ердоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сондай-ақ соғысты тоқтатуды ұсынады.Айта кетейік, бұл Ердоған Украинада соғыс басталғалы бері алғашқы сапары. Гутерриш өз кезегінде сәуір айының соңында Киевке барған, сонымен бірге Ресей Украина астанасына зымыран соққысын тигізді. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024