Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Путин амбицияларының құны – Ресей экономикасы үдемелі апат кезеңіне еніп келеді

exclusive.kz

Путин амбицияларының құны – Ресей экономикасы үдемелі апат кезеңіне еніп келеді

Йель университетінің бизнес мектебі санкциялардың Ресей экономикасына әсері туралы егжей-тегжейлі өз есебін жария етті. 118 беттен тұратын есеп фактілерге, цифрларға және тиісті дереккөздерге арналған сілтемелерге негізделген. Бұдан шығатын басты қорытынды– Ресей экономикасының беріктігі туралы қауесеттердің барлығы тым асыра айтылған пікір екені белгілі болды. Ресей экономикасы мұнай мен газ экспортынан түсетін жоғары кірістерге байланысты санкциялардың әсерін салыстырмалы түрде алғанда еш ауыртпалықсыз еңсеріп отыр деген көптеген сарапшылардың пікірлеріне қарамастан, әлемдегі ең танымал әрі ықпалды университеттердің бірі бұған қарама-қайшы дәлелдер келтіріп отыр. Шикізат тауарларының экспортындағы жағдай қазірдің өзінде Ресей үшін әдеттегі ахуалға қарағанда әлдеқайда бұлыңғыр көрініс ретінде қабылданып отыр. Кремльдің жеке мәліметтеріне сүйенсек мұнай мен газ сатудан түскен жалпы кірістің, тек мамыр айында ғана өткен аймен салыстырғанда жартысына жуығы қысқарғаны белгілі болып отыр. Ресейдің шикізат экспорттаушы ретіндегі ұзақ мерзімді стратегиялық ахуалы күрт нашарлай бастаған. Батыстан оқшаулау процесі Ресейдің Қытай мен Үндістан келіссөздеріндегі стратегиялық негіздерді жойып тынған, сөйтіп Ресей бағаны басшылыққа алатын және өзге де ірі шикізат экспорттаушыларымен тығыз байланыста болатын сатып алушылардан айырылған. Мұндай елдер бұрын санкцияға ұшыраған мемлекеттерден мұндай жеткізілімдерді еш қысылмастан ала беретін-ді, ал Қытай бұдан бұрын да Иран мен Венесуэла тәрізді елдермен мұнайға үлкен жеңілдіктер жасағаны белгілі. Ресей өзінің мұнайын Қытайға сатуды өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30%-ға арттырған, бірақ Brent әлемдік стандартынан онсыз да әлдеқайда арзан тұратын Urals мұнайын (қазір арадағы айырмашылық мұнайдың бір баррелі шамамен $20 көлемінде), $35 баррель жеңілдікпен сатуда. Нәтижесінде, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының жоғары болуына қарамастан Ресейдің мұнайдан түсетін кірістері айтарлықтай төмендеген. Ресейдің газ экспортына қатысты жағдайы да одан бетер нашарлай түскен. 2021 жылға дейін экспортқа шығарылатын газдың 83%-ы Еуропаға тиесілі болатын. Газ экспортының еуропаға төмендей бастауы залымдық пен зұлымдық империясының еуропа елдеріне қиындық тудырғанға қарағанда, өзін-өзі көбірек жазалап жатқанға ұқсайды. Ресейдің еуропалық газ нарығындағы орнын өзге де газ сатушылар, мәселен, ең әуелі Америка Құрама Штаттары басу үстінде. 2022 жылдың маусымында американдық сұйытылған газдың Еуропаға экспорты айына 5,5 миллиард текше метрді құрады. Осы айда Ресей газының Еуропаға экспорты айына 4.5 миллиард текше метрді құраған. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылдың сәуірінде, яғни жеткізілім қысқарғанға дейін Ресей Федерациясы Еуропаға 12 миллиард текше метр газ экспорттаған. Ресейдің ішкі экономикасында импорттың маңызды рөл атқаратыны белгілі, бұл Ресейдің ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды. Ресей экономикасы Путиннің өзін-өзі толық қамтамасыз етуге кепілдік бергеніне қарамастан, кейбір жағдайларды қоспағанда, барлық салалардағы және барлық буындардағы импортқа тәуелді болып қала бермек. Украинаға басып-кіргеннен кейін бірнеше ай өткен соң Ресейге импорт ағыны күрт баяулай бастады. Кремль ендігі жерде өзінің импорт жайындағы деректерін жарияламаса да, Ресейдің негізгі сауда серіктестерінің сауда мәліметтеріне жасалған шолу Украинаға басып кіргеннен кейін ресейлік импортының 50%-ға төмендегенін көрсетіп отыр. Қытайдың Бас кеден басқармасының соңғы әрі ай сайын шығарылатын мәлімдемелеріне сүйенсек, Қытайдың Ресейге экспорты жыл басынан бері сәуір айына дейін 50%– ға күрт төмендеген, осылайша 2021 жылдың соңына таман айына $8 млрд.-н сәуір айында $4 млрд.-қа төмендей бастаған. Мұны бірнеше қытайлық банктердің Ресейден алған барлық несиелер мен қаржыландыруларды, соның ішінде ICBC, Жаңа Даму Банкі және Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялық банктерінен кері қайтарып алу фактілері де растап отыр. Бұдан өзге, Sinochem энергетикалық алпауыт компаниясы ресейдегі барлық инвестициялар мен бірлескен кәсіпорындарының қызметін тоқтатқан болатын. Ресей экономикасының негізгі салаларына, экспорттың, импорттың және қаржы секторының жай-күйіне жүргізілген талдаулар Ресейдің шикізат экспорттаушы ретіндегі стратегиялық жағдайы «Азияға бет бұруды» жүзеге асыруда елеулі проблемаларға тап болып, анағұрлым әлсірей түскенін көрсетіп отыр. Ресей импорты үшін әлі де сақталып отырған кейбір айла-амалдарға қарамастан, ел ішкі нарықты маңызды ресурстармен, бөлшектермен және технологиялармен қамтамасыз етуде үлкен проблемаларға тап болып отыр, бұл ресейдің ішкі экономикасында кең қанат жайған жеткізілім тапшылығына әкелуде. Өзінің инновациялық және өндірістік базасын нарықтан ығыстырып шығару бағаның өсуіне және тұтынушылардың наразылығына әкеліп соқтырды. Бизнестің Ресейден кетуінің нәтижесінде мемлекет ЖІӨ-нің 40%-ын өндіретін компаниялардан айырылып тынды, соңғы отыз жылда елге салынған барлық инвестициялар кері қайтарылып, капиталдың елге тартылмауы әрі бұрын-соңды күйге ұшырауы және Ресейдің экономикалық базасын құрайтын адамдардың елден жаппай кете бастауы онсызда құлдырай бастаған экономиканы одан әрі шайқалта бастады. Путин осындай құрылымдық экономикалық кемшіліктер мен әлсіздіктерді жою үшін тұрақсыз драмаға толы қазыналық және монетарлық интервенцияларға жүгінеді, ал мұндай әрекеттер көптеген жылдар бойы алғаш рет мемлекеттік бюджеттің тапшылығына және алтын-валюта резервтерінің сарқылуына, тіпті энергия тасымалдаушыларына төленетін жоғары бағалардың өзінде де орын алатын құбылыстардың бірі. Кремльдің қаржылық жағдайы да мәз емес. Ағымдағы жағдайлардың да, болашақ перспективалардың да индикаторы ретінде ресейдің ішкі қаржы нарығы биылғы жылы әлем елдері арасындағы ең нашар көрсеткіш болып табылатынын көрсетіп отыр. Капитал қозғалысының қатаң бақылауына қарамастан, ішкі қаржы нарықтары экономиканың әлсіз тұстарын және өтімділік пен несиенің құлдырауын жалғастыруда. Негізінен халықаралық қаржы нарығынан ажыраумен қатар, Ресей құлдырай бастаған экономикасын қалпына келтіру үшін қажетті капитал көздерін тарту мүмкіндігін шектеп отыр. Сонымен қатар, Киев экономика мектебі мен АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майк Макфол бастаған Макфол-Ермак жұмыс тобы жеке, энергетикалық және қаржылық санкцияларды қоса алғанда, қосымша санкциялық шараларды ұсына отырып, Ресейге қарсы қосымша санкцияларды әзірлеуге жетекшілік еткені белгілі.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024

Другие новости

Больше новостей