Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

gurk.kz

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III халықаралық симпозиум басталды.

Басты мақсат – қазақ тілінің ғылым, білім және технология салаларындағы қолданысын кеңейту, оны жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға бейімдеудің ғылыми негіздерін талқылау, ғылыми контентті арттыру және ұлттық терминологияны жүйелеу.

Ауқымды жиынға еліміздің және шетелдің ғалымдары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің мамандары, жас зерттеушілер қатысты.

Ашылу салтанатына орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, университеттің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караман, Ұлттық ғылым академиясының Басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы құттықтау хаттарын жолдап, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі.

Спикерлер қазақ тілінің ғылым мен технология тілі ретіндегі әлеуетін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ғылыми контентті көбейту, ұлттық терминологияны жүйелеу және заманауи тілдік технологияларды дамыту мәселелеріне тоқталды.

Бұдан әрі басқосу пленарлық отырысқа ұласты. Оған университет ректоры Жанар Темірбекова модераторлық етті.

Пленарлық отырыста академик, Өкілетті кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі, ҚР Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, академик Кәрімбек Құрманәлиев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мақпал Жұмабай және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының OpenAI бойынша жоба жетекшісі Анар Құрманжан баяндама жасады.

Ғалымдар жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің даму бағыты, ғылыми коммуникация мен тілдік технологиялардың өзара ықпалы, цифрлық ресурстарды жетілдіру және ұлттық тіл моделін қалыптастыру мәселелерін ортаға салды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
28 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей