Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

gurk.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Мегаполис басшысы Жаңаталап шағынауданы, Абай даңғылы бойындағы тұрғындармен, сондай-ақ, Ақжар және Ақтас-2 тұрғын алаптарының тұрғындарымен абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым, көлік және коммуналдық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесуде тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, жер қатынастары, тұрғын үй сертификаттары, газға қосылу, ағын сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері көтерілді.

Әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жеке қаралды. Жаңаталап шағынауданында мектеп пен спорт кешенін салу қажеттілігі айтылды. Ал Ақжар тұрғын алабында Мәдениет үйі мен балалар ойын алаңын қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктің қатынау жиілігін арттыру, қосымша бағдаршамдар орнату және білім беру нысандарының маңында жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, көтерілген мәселелердің басым бөлігін кездесу барысында бірден шешуге мүмкіндік болды. Қалған өтініштер бойынша жауапты басқармалар айқындалып, алдағы атқарылатын жұмыс барысы белгіленді.

Қала әкімі аудан әкімдігіне тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстың нәтижелерін халыққа тұрақты хабарлап отыру тапсырды.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
16 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей