Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

gurk.kz

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. Кездесуде өңірдегі уран өндіру саласының қазіргі ахуалы, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Аймақ басшысы компанияның әлемдік уран нарығындағы, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудағы орнын атап өтті.«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялар тобы біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өңірде уран өндіру жылдар бойы тұрақты дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы өзара тиімді әріптестік алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде аймақта уран өндірумен «ҚазАтомӨнеркәсіп» құрамындағы еншілес кәсіпорындар айналысады. Олар – «Байкен-U», «Тураниум», «Семізбай-U» және «РУ-6» серіктестіктері. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында металлургия саласының үлесі 39,4%.Басқосуда тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
14 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей