Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елорда мешітінде намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

ratel.kz

Елорда мешітінде намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

Елордада намаз уақыты кезінде мешітте ұрлық жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келген. Шетелдіктің 6 ұрлық фактісіне қатысы бар. Ұрланған заттардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған. Күдікті қылмыстық әрекетінің бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Бейнетаспаларда оның ұяшықтардан сөмкелерді алып, ұрлық жасағаны жазылған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фото: polisia.kz. ҚазАқпарат.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
27 апреля 2024