Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Текст выступления министра культуры и спорта РК Даурена Абаева на I казахстанском форуме культуры

gurk.kz

Текст выступления министра культуры и спорта РК Даурена Абаева на I казахстанском форуме культуры

Құрметті әріптестер! Құрметті форумға қатысушылар! Бүгін мынау еңселі ғимарат ішін ерекше рух кернеп тұр. Ол рух – өздеріңіздей зияткер, білімдар, өмірге өз биігінен өзгеше қарайтын шығармашыл жандардың шалқыған шабыты деп ойлаймын. Форумға қош келдіңіздер! Ел мәдениетінің бүгіні мен ертеңі жайында өздеріңізбен осындай алаңда ой бөліскенді жөн көрдік. Бүгін бұл залда Қазақстан мәдениетінің жасампаз өкілдері отыр деп есептеймін. Өздеріңіз білесіздер, жаңа бетбұрыс – саяси тұрғыдан ғана жаңару емес, ұлттың мәдениетінен руханиятына дейінгі, әлеуметінен әдебиетіне дейінгі мәселелерді қамтиды. Ел болашағы жолындағы ерен еңбектеріңізді осы жерде ерекше атап өткім келеді. Сіздер арқалаған ауыр жүк – ұлт рухы, ұрпақ мұраты. «Өнер – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» деген сөз бар. Сол ұлы қабілетті игілік пен ізгілік арнасына бұра алатын да сіздер. Сіздер ғана тарихымызды тасқа қашап, тілге тұтқа болып өмір сүресіздер. Сіздер ғана ұлт музыкасы мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын ғасырдан ғасырға жалғап келесіздер. Сол себепті де, зиялы қауымды – «ұлт ұяты», «рух иесі» деп бағалап жатамыз. Кез келген халықтың болмысы мен бітімін, тілі мен ділін айшықтағанда саясаткерін емес, алдымен ақыны мен жазушысын еске алады. Ағылшын тілін Черчилль мен Элизаветаның тілі деп ешкім айтпайды, Чосер мен Шекспирдің тілі деп біледі. Француз тілін Ришелье мен Наполеонның емес, Гюго мен Дюманың тілі деп таниды. Біз де ұлтымыздың шежіресін Қазтуған мен Шалкиіздің, Абай мен Ахметтің тілінде жазып келеміз. Осындай ұлы күштің қайнары – өздеріңіз. Министр ретінде мен осының бәрін терең түсінемін. Сол себепті де біздің қазіргі алға қойған міндетіміз – мәдениет пен өнерді дамытуға барынша жағдай жасау. «Барынша жағдай жасау» деген, әрине, жауыр болған сөз екенін білемін. Кейбіріңіз тіпті, бұған сенбеуіңіз де мүмкін. Осы ретте, Министрліктің қолынан бәрі бірдей келе бермейтінін мен де мойындаймын. Сондықтан да «көтере алмайтын шоқпарды белге байламай», жасай алатын жұмыстарымызға ғана уәде еткім келеді. Қазір біз жауапкершілігін толық мойынымызға ала алатын басымдықтарды айқындадық. Оны әркез айтып та келемін. Көбіңіз оны естіген де боларсыздар. Сонымен, бірінші басымдық – отандық көркем туындылардың сұранысқа ие болуы мен бәсекеге қабілеттілігі. Отандастарымыздың өз фильмдерімізді көруі, өз авторларымызды оқуы, өз музыкамызды тыңдауы біз үшін өте маңызды. Оған қоса, еліміздегі жалпы мәдени жағдайды, басқаша айтқанда, халықтың мәдени капиталын көтеру аса өзекті. Менің ойымша адамның ар-ұятын екі дүние ғана сақтап тұрады: бірі – білім, екіншісі – мәдениет. Егер дәл қазір мәдени қадамдарымызға мән бермейтін болсақ, ертеңгі жарқын болашақты елестету қиын. Кітап оқитын қоғам қалыптастыру – біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Кітапханаға бас сұқпайтын қоғамнан қандай да болсын қатыгездікті күтуге болады. «Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастаса, қару-жарақ пен ақша ғана қалады» деген сөз бар. Осы орайда бәріңізді бүгін ашылатын Алматы кітап жәрмеңкесіне шақырамын. Бірге барайық. Нақты қадам ғана нақты нәтижеге жеткізеді. Екінші басымдық – маман даярлау мәселесі. Көп нәрсе кадрға байланысты екенін білесіздер. Бұл жерде өнерге баулитын оқу орындарындағы сапалы білім жайлы айтып отырмыз. Біздің болашақ музыканттар, режиссерлар, актерлар мен суретшілердің бүгінгі білімі қандай деңгейде болса, ертеңгі өнеріміздің дәрежесі де сондай болмақ. Адам қанша талантты болса да, ол талантын біліммен ұштамай, нәтижеге қол жеткізу өте қиын. Өткенде еліміздегі өнер ордаларын, колледждер мен училищелерді арнайы аралап шықтым. Барлық жерде мәселе бірдей – аудитория жетіспейді, жабдықтар ескірген, жалақы төмен. Алайда сол сеңді ақырындап қозғаған сияқтымыз. Жақында біздің министрлікке қарасты жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысын көтердік. Одан бөлек шығармашылық училищелер мен колледждерге жаңа жабдықтар, музыкалық аспаптар, кітаптар мен аппаратуралар алу үшін арнайы шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Үшінші басымдық – мәдени мекемелердегі жұмыс сапасы. Елімізде мәдениет үйлерін, театрларды, мұражайларды қосқанда 7 мыңнан аса өнер ошағы бар. Оларды жөндеу, жабдықтау бойынша жоспарларды әкімдіктермен бірге әзірлеп жатырмыз. Мысалы, биылдың өзінде 300-ге жуық нысан салынып, қайта жөндеуден өтеді. Осы ретте, ауылдық жерлерге көбірек көңіл бөлінетінін атап өткім келеді. Алайда бұл мекемелердің басқару жүйесіне айрықша назар аударуымыз керек. Олар қаңырап бос тұрмауы қажет. Ешкім бас сұқпайтын музей салудың қажеті қанша? Сондықтан, сауатты менеджмент жүйесі болуға тиіс. Мұндай мекемелерде демеуші тарта алатын, қоғаммен байланыс орната алатын, өз ісіне берілген мамандар жұмыс істегені жөн. Ал, төртінші басымдық – кино саласынан бастап, кітап шығару ісіне дейінгі қаржыландыру процесінің әділ және ашық болуын қадағалау. Мен мемлекеттік конкурсқа қатысқысы келмейтін көптеген мәдениет қайраткерін білемін. Өйткені олардың әбден беті қайтып қалған. Сондықтан біздің міндетіміз – осы мәселені ұтымды жолмен шешу. Для чего мы сегодня с вами собрались? Мы собрались для обстоятельного и открытого разговора о роли и месте культуры в Казахстане. За последние месяцы в стране происходят судьбоносные перемены, которые навсегда отпечатаются в летописи современной казахской государственности. Прежде всего, это январские события – трагическая страница, которая вобрала в себя множество значимых и противоречивых социальных и политических факторов. Январь для всех нас стал испытанием, а его ключевым лейтмотивом был страх. Страх потерять государственность. Страх потерять независимость. Страх обратиться в одну из горячих точек земли вровень с Триполи, Дамаском, Багдадом. Мы ведь все ощутили, каким хрупким может оказаться мир. Потерять всё можно в одночасье. И тогда в нашем общественном сознании ясно созрела одна простая мысль: жить как раньше нельзя, нужно менять мир вокруг себя и нужно меняться самим. И эти перемены начались. Медленно, но верно, они набирают обороты. Четко, спокойно, цивилизованно и строго в рамках, очерченных Законом. Институциональным воплощением этих перемен станет Референдум 5 июня. Я не буду разъяснять вам суть вводимых поправок. Вы их итак прекрасно знаете. Но я скажу лишь одно. Реформы Президента не просто меняют парадигму политического устройства, гораздо важнее, что они укореняют новый баланс свобод и ответственности в обществе. Это большой и сложный процесс. Расширение гражданских и политических свобод в идеале должно сопровождаться ростом ответственности общества за свою жизнь и судьбу. Но здесь важен еще один момент. Этот момент принципиальный. Государство обязано обеспечить для ответственных граждан необходимую среду. Каков ее главный критерий? Каково главное условие? Это – справедливость. Поэтому Касым-Жомарт Токаев всегда говорит, что Новый Казахстан – это справедливый Казахстан. Справедливый Казахстан – это равные возможности, работа социальных лифтов, доступность базовых общественных благ, недискриминация, искоренение всех видов коррупции и непотизма. 5 июня мы будем голосовать за это. Ардақты ағайын! Ел өміріндегі бұл өзгерістер кезеңі – қоғамның тұтастығы сынға түсер күрделі сәт. Біздің күшіміз – бірлікте. Осы бірлікті нығайтуда мәдениет және өнер қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің алар орны айрықша. Әлеуметтік желі күнделікті өмір салтына айналған жаһандану дәуірінде әртүрлі көзқарастар бізді бір-бірімізден алшақтатып жібергені рас. Бірақ, біз бұған үрке қарамауымыз керек. Әр адам – өзінше әлем, бір-бірімізге ұқсамаймыз, сондықтан да ерекшеміз. Мысалы, Мысырдағы әйгілі пирамидалардың мыңдаған жыл бойы мызғымай, құламай тұруының құпиясы – оның әртүрлі өлшемдегі тастардан тұратындығында екен. Десе де, ұлттың бірлігін құрайтын берік ұстанымдар бар. Біз сол құндылықтарымызды жоғалтпай, келер ұрпаққа аманаттауға міндеттіміз. Ол құндылықтар – бай ана тіліміз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз, тамыры терең тарихымыз. Қолданушыларының саны бойынша қазақ тілі әлемдегі 5 мың тілдің ішінде алғашқы жүздікке кіреді, сол себепті де әлеуеті зор. Оның қуатын біз жаңа дәуір әдебиеті мен музыкасынан байқаймыз. Ана тілімізде сұранысқа ие кітаптар мен кинофильмдердің көптігінен аңғарамыз. Қазір көптеген ұлт өкілі қазақ тілін үйренуге құлшыныс білдіріп отыр. Біздің міндетіміз – соларға қолдау көрсету. Тіл – қашанда ұлтты бөлуші емес, біріктіруші құрал. Осыны ақсақалдарымыз жастарға жете түсіндіруі қажет. Әйгілі Феллини: «Жастар өзіне не керегін білмейді, бірақ соған қол жеткізу үшін бәріне дайын» депті. Үлкендердің өмірден түйгені көп, жастардың тасқындаған қуаты зор. Осы екі қасиетті бір арнаға тоғыстыру қажет. Біз шынымен де дәл қазір жолайрықта – жаңа дәуірдің басында тұрмыз. Нағыз жауапты кезеңді науқаншылдықпен шатастырмай, нақты іс-әрекеттермен еңсеруіміз керек. Сөзімді қорытындылай келе, ел ертеңі жолында еңбек етіп келе жатқан баршаңызға алғыс айтамын! Жемісті де жеңісті шақтарыңыз көп болсын! Адал еңбектеріңіз биік шыңдарға жетелей берсін! Назарларыңызға рахмет! Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
27 апреля 2024