Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүретін болды

ratel.kz

Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүретін болды

Қызылорда қаласында 1 маусымнан бастап "Қызылорда тазалығы" мекемесінің жұмысшылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарды қабылдауында айтылды. "Қызылорда тазалығы" кәсіпорнында 18 жылдан бері еңбек етіп етіп жүрген Гүлайым Қарғабаева қабылдау кезінде қоғамдық көлікпен жиі қатынайтынын, ол қалтаға едәуір салмақ салатынын айтып көмек сұрады. Облыс әкімі "Қызылорда тазалығы" мекемесінің жұмысшыларының еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін алға тартты. Бұл жөнінде қала әкімі Асылбек Шәменовке тапсырма берді. Тазалық мекемесінің жұмысшылары енді 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру билетіне ие болмақ. Фото: spk-baikonur.kz.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
27 апреля 2024