Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Ауыз су тапшылығы сезілсе, бұл биліктің тек немқұрайлығынан ғана болады

exclusive.kz

Ауыз су тапшылығы сезілсе, бұл биліктің тек немқұрайлығынан ғана болады

Өткен жазда Қырғызстан елімізге суармалы суларды, яғни су беруді тоқтатқан болатын. Бұған аптап ыстық қосылып, соның салдарынан оңтүстік өңірлердің шаруалары өнімдерінен қағылды. Жалпы шығын шамамен 3,5 миллиард теңгені құрады. Жамбыл облысының алты ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осы жылы келісімге қол жеткізілді, алайда аталған мәселе шешімін таба ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Биыл құрғақшылық бола ма? Билік апатты болдырмау мақсатында шаралар қабылданып жатыр ма? Шыжыған ыстықтың су тасқынымен байланысы қандай? Ал оған климаттың өзгеруінің қандай қатысы бар? Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университеті Water Hub Халықаралық орталығының директоры Анатолий Рябцевпен әңгімелескен едік.

– Қазақстанда су тасқынының маусымы аяқталды, көптеген адамдар қаірдің өзінде қуаңшылық маусымына дайындалу керектігін айтып жатыр. Мұндай тосыннан болатын табиғи өзгерістердің сыры неде?

– Су тасқыны салдарынан өте ауыр жағдай қалыптасты. Өздеріңіз білесіздер, бұл Қазақстанға ғана емес, Ресейге де әсер еткені белгілі. Трансшекаралық өзендердің суын Ресей Федерациясымен бірге пайдаланатын өңірлерге де әсерін тигізді. Тобыл, Жайық, Есіл өзендерін айтып отырмын. Суды тұтыну (белгілі бір уақыт ішінде су қоймалары, бөгеттер, су электр станциялары арқылы өтетін су көлемі – ред. ескертпесі) соңғы жүз жылда ең жоғары шегіне жетті.

Біржақты айтайын – бұл менің су ресурстарының маманы ретінде жасаған қорытындыларыммен ғана емес, сондай– ақ экологтар, гидрологтар және басқа да көптеген ғалымдардың дәлелдерімен расталып отыр. Мұндай жоғары су тасқынының туындауына климаттың өзгеруі себеп болып отыр. Бұл негізгі факторлардың бірі.

Су тасқынына не себеп болып отыр? Ең әуелі құрғақ жауын-шашын, яғни қар болуы керек уақытта ылғалды жауын-шашынмен бірге аралас жүретін ылғалды күз болды. Қазан және қараша айларында нөлден жоғары температура болғандықтан жаңбыр жауғаны белгілі. Солтүстікте әдетте қарашада қар жауады. Жаңбыр бір метрден астам топырақтың үлкен қабатына дейін сіңіп кетті. Сосын аяз соқты. Соның салдарынан жер қатып, су тасқыны болған аймақтарда мұздың тереңдігі екі метрден асып жығылды. Тас болып қатып қалған жердің үстіне қар жауып, Қазақстанның солтүстігі мен батысында қар шамадан тыс көп жауды.

Белсенді еру кезінде, яғни қар күрт еритін болса қардың кішкене қабаты да белгілі бір қауіп төндіреді. Егер еру баяу жүретін болса, су біртіндеп топыраққа сіңіп кетер еді. Алайда еріген суды топырақ бойына сіңіре алмады. Біздің аумағымыз үлкен болса да инженерлік инфрақұрылымымыз шағын. Сәйкесінше, өзендерге құятын шамадан тыс су көлемі жиналды.

Яғни, мұның барлығы климаттың өзгеруіне байланысты факторлар. Біз бұған дайын болуымыз керек. Бұған цифрландыру үрдісі көмек бола алады. Вице-премьер осындай үрдістерді болжай алатын, инфрақұрылым нысандарын басқаратын тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдарды алдын ала ескертетін модель құруды тапсырды. Су тасқыны үлкен экономикалық залал келтірді, көптеген адамдар баспанасыз қалды, көптеген инфрақұрылымдар, яғни жолдар, коммуникациялар және т.б. істен шықты. Біз, әрине, келешекте мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз қажет.

Климаттың өзгеруі жаңа апатты, яғни құрғақшылықты тудыруы мүмкін бе?

Қазір Орталық Азия аймағында жылы белдеу оңтүстіктен солтүстікке ауысуда. Яғни, енді қыста да өмір сүруге қолайлы жағдай солтүстік аумақта да болады. Бір кездері ол жерлерде жазда жылу жетіспейтін, ал қыста қатты аяз болатын, алайда бүгінде аталған өңіроерде осындай ауысу үрдісі байқалуда.

Оңтүстік облыстар – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл – құрғақшылыққа көбірек ұшырауда.

Сондықтан көктемгі су тасқынынан кейін бізде ыстық жаз болып, жауын-шашын аз болатынына күмән болмауы керек. Температура мен жауын-шашынның қосындысы жыл бойына онша көп өзгере қоймайды. Мәселен, Алматы қаласы мен облыс бойынша мамыр-маусым айларында жауын-шашын көп болғаны белгілі. Алайда мұндай жауын-шашын шілде-тамыз айларында түсуі керек еді, енді бұл айларда өте қатты ыстық болады деп болжай беруге болады. Бұл өте нақты, күтуге болатын нәрсе және ол міндетті түрде болады.

Біз, әсіресе ауыл шаруашылығы қызметкерлері бұған дайын болуымыз керек. Бұл дақылды уақтылы отырғызу дегенді білдіреді. Су маманы ретінде айтарым, біз суару мақсатында қолданылатын суларды вегетациялық (өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде – ред. ескертпесі) суару үшін барынша тиімді пайдалануымыз керек. Соның ішінде суды үнемдейтін технологияларды қолдануымыз қажет. Әйтпесе, көптеген өңірлерімізді егінсіз қалдыруымыз әбден мүмкін.

– Мамандар ауыл шаруашылығына арналған судың тек 50 пайызға жуығы ғана тиімді пайдаланылып жатқанын, қалғаны егістікке жетпей, гидротехникалық жағдайдың нашарлығынан жол бойында жоғалатынын бірнеше рет атап өтті. Суды пайдалануды қалай ұтымды етуге болады? Қазір бұл бағытта шаралар қабылданып жатыр ма?

– Иә, су ресурстарын тиімді пайдалану қазір температура ауытқуларының ауыл шаруашылығы өніміне әсерін болдырмауға мүмкіндік беретін құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Ал, менің ойымша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің үкіметтің жасап жатқан қадамдары өте дұрыс. Неліктен?

Біріншіден, былтыр жаңадан Су шаруашылығы және ирригация министрлігі құрылды. Бұл өте дұрыс, оң қадам. 1991 жылға дейін бізде Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі болғаны белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейін біз оны бірден өзгертіп, одан қол үзіп қалдық. Қазір қалпына келтірілді. Яғни, қазір бұл мәселемен күнделікті, жүйелі түрде айналысатын орган бар.

Екіншіден, қазір су ресурстарын пайдаланудың жол картасы қабылданды. Онда суды тиімді пайдалану үшін бүгінгі күні қаржылық және адами ресурстарды жоспарлауға мүмкіндік беретін бастапқы қадамдар бар. Ол қандай қадамдар?

Мен сізге екі мәлімет бере кетейін. Бүгінгі таңда 2,3 миллион гектар дақыл себілетін жердің 1,45 миллионы суармалы жерлер. Оның 290 мыңы ғана су үнемдеу технологиясы арқылы суарылады. Яғни, тамшылатып суару, топырақты суару, жаңбырлату. Ал енді жыл сайын 160 мың гектар жерді осы технологияларға көшіру міндеті қойылды.

Мұны мен өте өршіл мақсат дегім келеді. Менің ойымша, бұл тіпті мүмкін емес дүние. Тиімсіз деп саналатын, яғни соқамен жыртылған жердің бір гектарын үнемдейтін суаруға ауыстыру үшін орта есеппен кемінде 3000-3500 доллар қажет. Бұл соманы 160 мыңға көбейтсеңіз, қаншама қомақты ақша қаражаты екеніне көз жеткізесіз. Сондықтан мемлекет оларды аз уақытың ішінде тауып алуы екіталай, әрине. Бірақ міндет бар, менің ойымша, билік оны орындауға тырысады және бұл қазірдің өзінде өте жақсы үрдіс саналып отыр.

Кадр мәселесі де бар. Мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті Water Hub Халықаралық орталығының директорымын. Біз су шаруашылығы мамандарын дайындаймыз. Биыл Ташкент ауыл шаруашылығын механикаландыру және ирригация институтының филиалы ашылады. Яғни, қазірдің өзінде өзбек әріптестерімізбен бірлесе отырып, осы бағдарламаларға кадрлар дайындап жатырмыз.

Өзбекстан үшін су ресурстары мәселесі тағы бір себеппен де маңызды. Қазір Орталық Азия аймағында маңызды оқиға орын алуда. Ауғанстан Амудария өзенінің 15 пайызын қамтитын канал салуға кірісті. Бұл Өзбекстан мен Түркіменстандағы жерлерді сумен қамтамасыз етуге үлкен қауіп төндіреді, өйткені олар судың басым бөлігін Амудариядан алатыны белгілі.

– Мұның бізге қатысы бар ма?

– Иә, себебі біздің негізгі су көзіміз – Сырдария. Бүгінде ол төрт мемлекетті– Қырғызстанды, Өзбекстанды, Тәжікстан мен Қазақстанды сумен қамтамасыз етіп отыр. Сырдария Қырғызстанның тауларынан бастау алады, олардың энергетикалық нысандары арқылы өтеді, одан әрі Өзбекстанның Ферғана алқабына, Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасына, ал Өзбекстанның суармалы плантациялары арқылы Қазақстан аумағына Шардара су қоймасына келіп құяды.

Сондықтан жыл сайын су шаруашылығы саласындағы мамандарымыз, ең алдымен, Қырғызстанмен ымыраға келу келісімдерін жасайды. Мәселен, жазда тек егіс алқабын суару үшін Қырғызстаннан энергия сатып аламыз. Жазда бізге көп энергия қажет болмаса да, Екібастұз стансасынан келетін энергиядан бас тартуға мәжбүрміз. Өзімізге зиян келтірсек те. Сырдария Қырғызстанның 5 электр станциясынан өтеді. Сол себепті де оларға энергияны өткізу керек екені айдан анық.

Қырғызстаннан келетін Шу және Талас өзендері де біздің маңызды су көздеріміз болып табылады. Біз қажетті судың жартысына жуығын осы республикадан аламыз. Ал бұл көбінесе Қазақстанның оңтүстігіне қатысты.

– Сіз және басқа да көптеген сарапшылар су дағдарысын шешу бойынша ортақ күш-жігерді үйлестіру үшін Орталық Азия комиссиясын құру қажеттігі туралы көп жылдар бойы айтып келе жатырсыз. Мұндай бастама қазір дамып жатыр ма?

Мен 2002-2009 жылдар аралығында су ресурстары комитетінің төрағасы болдым. Яғни қазіргі министрліктің рөлін атқарып, еліміздің су қорын басқардым.

Қазірдің өзінде біз диаметралді қарама-қарсы екі бағыт: энергетика мен суару арасында ымыраға келуді іздей бастадық. Энергетиктерге су энергияны тұтыну артқан кезде қажет болады. Суды ирригациялау үшін су жазғы маусымда қажет болады.

Қырғызстандағы Тоқтоғұл су электр станцияларының каскады кеңес заманында негізінен суаруға пайдаланылатындай әрі энергия әкелетіндей етіп салынған. Бұл ақылға қонымды. Жоспарлы экономика Қырғыз Республикасын айтарлықтай отын ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал жиналған су ағындары Тәжікстанды, Өзбекстанды, Қазақстанды және Қырғызстанның аздаған бөлігін суаруға жұмсалды. Яғни, қалыптасқан жүйе болды.

Сырдария өзенінің ресурсын пайдалануда белгілі бір ымыраға келу үшін біз су-энергетикалық консорциум құруды жоспарладық. Енді бұл мәселені шешу үшін жыл сайын жеке ымыраға келу келісімдері жасалады. Бізде бұл мәселе бойынша ұзақ мерзімді құжаттар мен келісімдер жоқ, өйткені шарттар жыл сайын өзгеріп отырады. Бірақ бізге Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын жүйелі түрде таратып отыратын орган керек. Әзірге ондай орган жоқ.

Жақын арада нақты қадамдар жасалады деп сенемін. Қазірдің өзінде төрт елдің су министрлері (немесе олардың өкілдері) әр тоқсан сайын кездесіп, су ресурстарының қолжетімділігін және оларды белгілі бі

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 июня 2024