ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі салтанатты түрде табыстап, тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады, оларға амандық, береке және шаңырақтарына құт-береке тіледі.Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған және «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Қоныс иелері Ақжайық шағынауданындағы заманауи көп қабатты үйлерден пәтерлі болып отыр.Айта кетейік, пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Мұндай шаралар баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Жаңа үйлер барлық құрылыс стандарты мен қауіпсіздік талаптарына сай салынған. Аумақ қажет инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жайлы өмір сүруге және шағынауданның одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасалған.Шымкент қаласында тұрғын үй қорын кеңейту және халыққа баспана қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Осындай жобаларды іске асыру әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Источник: ГУ "Аппарат акима города Шымкент"
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
9 июня 2026