Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Күн +1 градусқа дейін салқындайды – ауа райы болжамы жарияланды

ratel.kz

Күн +1 градусқа дейін салқындайды – ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 20, 21 және 22 тамызда ауа райы қандай болатынын болжады. Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсері сақталады, ауарайы құбылмалы болады. Қазақстанның солтүстігінде және шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С үсік жүреді, тұман түседі. Ал батыста ауа райы жауын-шашынсыз. "Бұл аймақтарда күн сәулесі біртіндеп ауаны жылытады, ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25С-қа дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38С-қа дейін аздап төмендейді", - дейді синоптиктер. Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде + 1+10С, күндіз +13+23, оңтүстікте түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23С-қа дейін көтеріледі. Sputnik. Фото: vnovgorode.ru.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 апреля 2024