Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Жәннатта әр еркекке 4900 қыз беріледі» – медресе ұстазы

newtimes.kz

«Жәннатта әр еркекке 4900 қыз беріледі» – медресе ұстазы

Медресе мұғалімі, ислам дінін ұстанушы әр еркекке жәннатта 4900 қыз беруге уәде берді. Бұл туралы «Не молчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік парақшасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.Дина Таңсәрінің айтуынша, видеодағы жігіт – Түркістан облысындағы медреселердің бірінің ұстазы.Ол видеода былай дейді:«Мына дүниеде біздер мұсылманшылықты ұстаған халықпыз. Пәк қыздар әлі де болса көп өте. Бірақ қыз қанша жерден пәк болса да, еркек сияқты оның түсіне жаман түстер кіруі мүмкін екен. Бірақ Алла тағала жәннаттағы қыздарды сипаттап тұрып айтады: Оларға адам да, жын да жоламаған. Олардың түсіне де жамандық кірмеген. Сондай пәк қыздар беріледі. Хор қыздары жайлы хадистерде келтіріледі. Кімде-кім бір әйелімен жәннатқа кірсе, ол әйеліне қоса, оған 70 хор қызы беріледі дейді. Бір әйеліңізбен жәннатқа кірсеңіз, 71 әйеліңіз болады. Әр хор қызының 70-тен қызметшісі болады яғни бір әйелмен жәннатқа кірсеңіз, 4 900 әйеліңіз болады. Сол кезде 2-3 әйел алмағандар бармақтарын шайнайды екен. Бұл – менің сөзім емес. Бұл – хадис. Алла тағала әйелдерді солай сипаттайды», — деп айтады видеода медресе ұстазы.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
16 апреля 2024