Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

gurk.kz

Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. «Баршаңызды халқымыздың баға жетпес байлығы, асыл қазынасы, бірегей бренді – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Домбыраның үні естілгенде жадымыз жаңғырып, санамыз оянатыны жасырын емес. Домбыраны насихаттау арқылы ұлттық имиджімізді қалыптастырамыз. Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде «домбыра күнін» атап өту – халықтық мерекеге айналып келеді. Бұл дәстүр әрқашан жалғаса беруі керек. Қазірде ұлттық аспабымыздан шыққан құдіретті күй мен шалқыған әнді бүкіл әлем тамсана тыңдайды.Қазақтың күй өнері ел тарихында тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтар тізіміне енді. Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес күй ордасы – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне «Ұлттық» деген мәртебе берілген болатын. Сәйкесінше, аталған оркестрдің барлық қызметкерінің жалақылары көтерілді. Елімізде домбыра үйірмелерінің саны, оған қатысушы жастарымыздың қатары жыл санап артып келеді. Одан бөлек, әр жыл сайын мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталып, күйіміз бен әніміздің өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы ұдайы насихатталып келеді. Мұның бәрі ұлттық аспабымыздың жарқын болашағын, кемел көкжиегін көрсетеді»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында. Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
28 марта 2024