Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Бағдат Мусин 2ГИС, Яндекс қосымшаларына тілге қатысты талап қойды

newtimes.kz

Бағдат Мусин 2ГИС, Яндекс қосымшаларына тілге қатысты талап қойды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, енді елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсетуі талап етіледі, деп хабарлады turkystan.kz.Фото: turkystan.kz«Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды. Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.«Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз», – деді министр.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 апреля 2024