Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

ratel.kz

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті. А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады. Ол әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды – 3:6, 5:7. Ю.Путинцева жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды. Ол америкалық Даниэль Коллизбен бірге румыниялық Моника Никулеску – бельгиялық Элисон Ван Эйтванктан жеңілді – 6:3, 3:6, 1:6.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024