Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді

optimism.kz

«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді

Баспасөз маслихатының тақырыбы: «ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі. Ел тұрғындарының азаматтық және саяси белсенділігін, олардың алдағы референдумға қатысты пайым-пікірі мен одан не күтетінін «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «ӘЛЕУМЕТ» жаңа жобасы аясында зерделеді. 19-22 мамыр аралығында еліміз бойынша жедел сауалнама жүргізіліп, оған 2000-ға жуық адам қатысты. Жоба жайында және қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері туралы ақпаратпен келесі спикерлер бөліседі: «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева; Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек; «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек. Аккредитация үшін байланыс деректері: Бикежан +7 702 364 4651 press.amanatparty@gmail.com Өтетін күні: 27 мамыр, 2022 жыл. Уақыты: 10.30. Өтетін орны: «AMANAT» партиясының баспасөз орталығы, Қонаев 12/1, 1 қабат
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 апреля 2024