Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Марат Достаев: «Қоянбаев пен Тұрсынбектердің өзі кезінде менен жеңіліп қалған»

newtimes.kz

Марат Достаев: «Қоянбаев пен Тұрсынбектердің өзі кезінде менен жеңіліп қалған»

Марат Достаев КВН әлеміндегі қызықтары жайлы айтты. Әзілкеш өз замандастарынан озып, чемпион болғанын айтып әзілдеді, деп хабарлайды stan.kz.Фото: stan.kz«Мен командада жалғыз ойнадым десем де болады. Дәнекерлердің командасынан жеңіліп қалдық. Себебі, мен командада жалғыз едім. Қыздарды жинап алғанмын. Сонда ойнайтын мықты ешкім болмады. Ал оларда бәрі мықты болды. Кейіннен жалғыз өзім жеңіп кеттім. Біздің команда тіпті Қоянбаевты, Қабатовты жеңген. Менен жеңілгендер қатты көтеріліп кетеді негізі. Мен жеңілуім керек пе еді. Олар менің замандасым секілді. Қазір жасым кішк болса да, замандас деп араласамыз. Қанат Әлжаппаров КВН-де жақсы ойнады, бірақ оның менен жолы кіші. Жасы үлкен. Әзілге менен кейін келді. Сондықтан мен оның әзілдерін түзейтінмін. КВН-де сондай тәртіп бар. Сенің ерте келгенің роль ойнайды», – дейді Достаев Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбатында.Әзілкеш уақытында атқармаған өкініштері жайында айтты.«Баян Мақсатқызы, Гүлнұр Мамасариповалар сол кезде біраз уақыттан кейін ненің керек болатынын білген. Дер кезінде өнім жасай алды. Продакшндар көп қой. Бірақ Есеннің, Тұрсынбектің, Қоянбаевтың жасап жүргенін продакшн демес едім. Ол күнкөріс, табыс үшін әрекет етіп жүрген жігіттер. Егер біздің дүрілдеп тұрған кезімізде біреу жол көрсеткенде, мен көп нәрсе жасайтын едім. Ол кезде Есен аға да айтқан жоқ. Ол кісінің өзі жас болды», – дейді әзілкеш.Әзілкеш 8-сыныптан бастап ақша тауып, өз қажеттіліктерін өзі өтеген.«Мен бала күнімнен ақша тауып үйрендім. Сондықтан ата-анам мен үшін алаңдаған жоқ. Мені әкем Алматыға әкеліп, Есен ағаға тапсырған. Содан бері ол кісіні өзі көрген де емес», – дейді ол.Бір кездері өзінің толықтығы үшін ұялғанын, қазір ешқандай қымсыну жоқ екенін алға тартты.«Мен суретке түскенде қырымнан түсетінмін. Біреудің артына тұратынмын. Толықтығым ұнамайтын. Диета ұстап, 31 келі салмақ тастадым. Елдер мені ауырып қалды ма деп уайымдады. Көңілімді сұрап, басу айтатын болды. Мені қандай да бір аурумен ауырып жүр деп ойлады. Мен өмір бойы диета ұстай алмайды екенмін. Сондықтан бәрін тастадым. Қазір өзім қандай бармын, солай қабылдаймын. Елдің ойын елемеймін», – дейді ол.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
18 апреля 2024