Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Ерболат мені лақтырып кетті»: Белгілі хореограф Беделханға төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді

newtimes.kz

«Ерболат мені лақтырып кетті»: Белгілі хореограф Беделханға төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді

Белгілі хореограф, блогер Ердос Усабаев Ерболат Беделханның командасында төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді. Айтуынша, продюсер оның еңбегін пайдаланып, ақырында ақысын төлемеген, деп хабарлайды НТК арнасының TABOO бағдарламасы.Фото: ашық дереккөзУсабаев Juz Entertainment продюсерлік орталығында Ninety one тобының жігіттеріне би билеуді үйреткенін айтады. Топтың алғашқы дебюті «Айыптама» әнінің қойылымын Усабаев қойыпты. Алайда Беделхан хореографтың еңбекақысын бермеген болып шықты.«Ерболат мені лақтырып кетті. 4 ай тегін жұмыс істедім. Күн сайын дайындыққа барасың, «Айыптама» әнін 3 сағат тыңдайсың, билейсің. Ол маған: «Дос, шыдай тұршы, мен саған студия ашып беремін. Бас хореограф боласың. Eaglez-дар көп қой. Олар келеді, сен үйретесің. Ақша көп болады. Мен саған сенемін», ― деп айтты.Мен соған сеніп қалдым. Өзі алыс жерде еді. Күн сайын барып-келуге таксиге 2 мың теңге кететін. Тамағымды өзім алатынмын, жолыма өзім төлейтінмін. Сонда 4 ай тегін жұмыс істедім.«Айыптама» әніне қойылым қойдым. Күнде бишілермен жұмыс істедік. A.Z мен Bala нашарлау билейтін, сол үшін олармен көп жаттығатынбыз. Zaq еңбекқор бала, бәрін алып шықты», ― деп ағынан жарылды Усабаев.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 марта 2024