Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Ахметтанушы жазушының жаңа кітабы

ratel.kz

Ахметтанушы жазушының жаңа кітабы

Алматыдағы Ұлттық Академиялық кітапханада ақын, жазушы Жұмат ӘНЕСҰЛЫНЫҢ “Тарихи хикаяттар” атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап қазақ әліпбиі мен грамматикасының, әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаған, Алаш көсемдерінің бірі Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 1919-1920- жылдары алғашқы Қырғыз-Қазақ автономиялық республикасының құрылуына сіңірген зор қайраткерлі баян етілген. Жаңа кітаптың авторы ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлын үнемі ұлықтауымен оқырмандарға жақсы мәлім. Оның Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, Алаш қозғалысы мен партиясының тарихы бая етілген “Мақтанышы елімнің”, “Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға”, “Алаш туын көтергендер” атты тарихи кітаптары Ұлттық кітапхананың каталогына енген. Жаңа кітаптың тұсаукесеріне белгілі ақын Аян НЫСАНАЛИН, белгілі жазушы, “Балбұлақ” журналының бас редакторы Мағара ҚОЖАХМЕТОВА. Бұрынғы Су шаруашылығының эксминистрі Нариман ҚЫПШАҚБАЕВ, белгілі күйші ақын Талап ҚАРАШ,және Ахмет Байтұрсынұлының немере туыстары ғылым докторы Қасым МӘУЛЕНОВ, Бақытжамал МӘУЛЕНОВА, Амандық ШӘЙМЕРДЕНҰЛЫ, документальды кинода А.Байтұрсынлының рөлін сомдаған , Ахаңның немере туысы Болат НАЗАРҰЛЫ және басқалар қатысты. Жаңа кітаптың тұсаукесерін ің лентасын Қазақ Елінің құрметті азаматы Нариман Қыпшақбаев мырза мен жазушы Мағира Қожахметова қиды. Ботагөз БАСТАУБАЙ тұсаукесерге қатысып, суреттерді түсірген автор. Суреттерде: жазушы, “Балбұлақ” балалар журналының бас редакторы М.Қожахметова лента қиып жатқан сәті (ортада). Кітап авторы кітаптарына қолтаңба беріп жақтан кезі. Ұлттық кітапханадағы жаңа кітаптың тұсаукесеріне қатысқандар - ғылым докторы Қасым Мәуленов, журналист Айжан САЯҚБАЕВА, Ахаңның жиені Бақытжамал Мәуленова, белгілі күйші, ақын Талап Қараш, Ахаңның немере туысы Болат Назаров, Ахаңның немере інісі Амандық Шәймерденұлы және алдыңғы қатарда отырған жазушы, жаңа кітаптың авторы Жұмат Әнесұлы.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
28 марта 2024