Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

РЕФЕРЕНДУМ 2022

gurk.kz

РЕФЕРЕНДУМ 2022

Қала әкімі Қайрат Әбсаттаров референдум өткізу арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулерді түсіндіру мақсатында ірі өндірістік кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, жоғары білім беру мекемелерінің басшыларымен, шағын және орта бизнес, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Конституциялық реформа жөніндегі референдум-бұл президенттік саяси реформалар бағдарламасын іске асырудың кезекті сатысы. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және оған суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту кіреді. Бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделгендіктен, Президенттің оларды референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасы қисынды әрі орынды.Қазақстандағы қазіргі референдумның ерекшелігі-Президент оның өкілеттіктерін кеңейтпейтін, керісінше – қайта олардың бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөлетін конституциялық реформаны жүзеге асыруға бастама көтеріп отыр. Осылайша, конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші Республиканың – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа, неғұрлым тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізін қалайды.Сондай-ақ, көптеген сарапшылардың пікірінше, конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастырады, президенттік институттың барынша тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Конституциялық түзетулердің маңызды нәтижелерінің бірі - саяси бәсекелестікті арттыру, барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасау, шешімдер қабылдау кезінде дербестік пен риясыздықты қамтамасыз ету болады.- Бесінші мамырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясына енгізілетін түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл мемлекет басшысының ерекше саяси мәні бар маңызды шешімі. Біздің міндетіміз азаматтарға енгізілетін түзетулердің мәнін, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын жеткізу, - деді Қайрат Әбсаттаров кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.Ел тағдырында шешуші роль атқаратын конституциялық түзетулер бойынша референдум 5 маусымға тағайындалды. Отанымыздың болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат осы күні сайлау учаскесіне келіп, жаңа Қазақстан үшін өз дауысын беруі қажет. Источник: ГУ «Аппарат акима города Жезказган» Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 апреля 2024