Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәні жайлы ақпараттар жалған

matritca.kz

Азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәні жайлы ақпараттар жалған

Қазіргі уақытта желілерде бүкіл Қазақстан үшін 2022 жылдың 1, 2, 3-тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәндерінің бірыңғай тізілімі туралы ақпарат таратылуда. Ақпаратта мынадай үндеулер бар: "Кез келген дүкенге кіріңіздер, бағасы бір теңгеге жоғары болса – әкімдікке қоңырау шалыңыз және дүкенді дереу жабады. Санэпидстанция, монополияға қарсы, статистика келіп, дүкенді бірден жабады. Сатушылардан осы бағаларды талап етіңіз". Сауда және интеграция министрлігі таратылған ақпарат жалған екенін хабарлайды! Шекті бағаларды әрбір өңір үшін жергілікті атқарушы органдар жеке белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайды.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
20 апреля 2024