Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

"Азия Авто" басшысы өлі табылды

matritca.kz

Азия Авто басшысы өлі табылды

Шығыс Қазақстан облысында "Азия Авто" басышысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. "23 қыркүйекте Өскемен қаласының Ертіс полиция басқармасы бөлімі Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол салуға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада. Өзге ақпарат тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жарияланбайды, дейді полициядағылар. Бұған дейін салық органы "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялағаны туралы жазған болатынбыз. Бас прокуратура порталы
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
20 апреля 2024