Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

exclusive.kz

Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

Түркия Парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Отырысқа қатысқан 276 қатысушының барлығы заң жобасын қолдады. Осылайша Финляндия альянсқа толыққанды кіруге мүмкіндік алды. Түркия осы уақытқа дейін Финляндияның альянсқа қосылу туралы өтінішін мақұлдамай келген еді. Венгрия да бұл процесті кешіктірді, бірақ 27 наурызда тиісті заң жобасын мақұлдады. Еске салайық, Финляндия мен Швеция 2022 жылдың мамырында Солтүстік Атлантикалық альянстың құрамына кіруге өтініш берген еді. Алайда Анкара кіру процесін бұғаттап, олардан күрд ұйымдарын террорист деп жариялауды талап етті. Фото: EER
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
25 апреля 2024