Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті – Түркия елшісі

exclusive.kz

Жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті – Түркия елшісі

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7108-ге жетті. Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджидің айтуынша, бүгінде 41 мың адам зардап шеккен, деп хабарлайды Exclusive.kz. Үш тәулік ішінде қазақстандықтар Түркия азаматтарына көмек көрсету үшін 90 мың доллардан астам қаражат жинады. Елдің бірнеше аймағында баспанасынан айырылған адамдар үшін 92 738 шатыр орнатылды. Сондай-ақ, жергілікті билік үйсіз қалғандарға арналға 124 391 демалатын орын ашты. – Туыстары бізге хабарласпады. Олардың Анкарадағы ҚР Елшілігіне жүгінуі қисынды. Біреуі Аданада, үшеуі Хатай провинциясында жоғалып кетті. Бірақ, бұл әлеуметтік желілерден алынған ақпарат екенін ескертеміз, – деді елші. Жоғалған азаматтарды іздеу үшін 100 мың құтқарушы жұмылдырылған. Зілзаладан 5 мың ғимарат зардап шекті. Республиканың 10 провинциясында үш айға төтенше жағдай жарияланды. Фото: Интерфакс
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
20 апреля 2024