Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Таразда студенттерден 200 мың теңге пара алған оқытушы ұсталды

exclusive.kz

Таразда студенттерден 200 мың теңге пара алған оқытушы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды. – Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп жазылған хабарламада.
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 марта 2024

Другие новости

Больше новостей