Қызметінен босатылған Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болды

Құмар Ақсақалов Архимед Мұхамбетовтың орнына Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған президент жарлығында. Құмар Ақсақалов 2017 жылғы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды, оған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Nur Otan (қазіргі – Amanat) партиясының хатшысы қызметін атқарған. Айта кетейік, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысын 2015 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. Фото: ашық дереккөз
- Последние
- Популярные
Больше новостей
Новости по дням
Сегодня,
7 февраля 2023
7 февраля 2023
Другие новости
Больше новостей