Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тоқаев Ресей, Қытай және Түркиямен қарым-қатынасы туралы айтты

exclusive.kz

Тоқаев Ресей, Қытай және Түркиямен қарым-қатынасы туралы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Халықпен кездесу кезінде президент геосаяси жағдай туралы пікір білдірді. – Осындай аса күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз, – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан қарым-қатынастарды одан әрі дамытатын елдерді атап өтті. – Біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін, – деді президент. Коллаж: СтопКор
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024

Другие новости

Больше новостей