Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Алматы қалалық соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды

exclusive.kz

Алматы қалалық соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. – 17 тамызда күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды, – деп хабарлады қалалық сотта. 10 ақпан күні Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Астанадағы ІІМ ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты. Фото: ашық дереккөз
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
24 апреля 2024